ӨНДІРІС ПРОЦЕСІ
KAZ-NUR Systems өз тұтынушыларына қамқорлықпен қарайды және клиенттердің талаптарын орындау мен үміттерін қанағаттандыруды басты мақсат етеді
KAZ-NUR Systems өндірістік жүйесі Lean және Kaizen технологияларына негізделген және берік жабдықтарды дайындауды және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Кәсіпорында lean-құралдары:
- Kaizen үнемі жақсарту жүйесі,
- 5S жұмыс орнын ұйымдастыру және оңтайландыру жүйесі,
- TPM өндірістік жабдықты басқару жүйесі,
- 6 sigma өндірісті басқару жүйесі
Және қызметтің барлық бағыттарында тиімділікті арттыруға және кәсіпорынның нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басқа да әдістер мен құралдар қолданылады.
Жабдық өндірісінде пайдаланылатын құрамдас өнімдер кіріс бақылауынан өтеді. KAZ-NUR Systems бұйымдарының құрамына аспаптар мен жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жоғары сапалы элементтер ғана кіреді.
KAZ-NUR Systems жабдығын өндіру барысында орындалатын өндірістік процестің технологиялық және нормативтік құжаттамаларға сәйкестігіне сапаны операциялық бақылау (және орындаушылардың өзін-өзі бақылауы) жүзеге асырылады.
Дайын өнім бағдарламалық қамтамасыз етудің және аспаптар техникалық сипаттамаларының мәлімделген талаптарға сәйкестігін бағалауға бағытталған қабылдау сынақтарынан өтеді. Бұл тапсырыс берушілерге берік әрі қауіпсіз жабдықтың жеткізілуіне кепілдік береді.