КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

  Біз - Қазақстанды елдегі электр энергиясын тұтынуды ашық және тиімді ететін заманауи есептеу аспаптарымен жабдықтау мақсатын қойған ниеттестер командасымыз.

  Біз "Elem" маркасымен әртүрлі есептеу құралдарының түрленімін өндіріп шығарамыз. Біз бірегей сипаттамалары мен функциялары бар электр энергиясын есептейтін инновациялық модульдерді әзірлеп шығардық.

 Команданың өзегі - "Elem" сауда маркасымен өнімнің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ететін тәжірибелі құрал жасаушылар. Білікті кадрлардың арқасында "KAZ-NUR Systems" ЖШС жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.

  Компания нарықтың заманауи жоғары сапалы есептеу құралдары мен жүйелеріне деген сұранысына жауап бере отырып, өндірістік технологияларды үздіксіз дамытып келеді. Шешімдерді халықаралық стандарттау "Қаз-Нұр" ЖШС өнімін Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде өткізуге мүмкіндік береді.

  Электр энергиясының ұрлануына қарсы тиімді күрес жүргізіп, коммерциялық ысыраптарды азайтатын "Elem" есепке алу аспаптары республиканың энергетикалық кәсіпорындарының тиімділігін 30%-ға арттырады. Біз құрылғыларымыздың бүкіл Қазақстанның аспаптық паркінің негізі болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз.

  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының энергетикалық компанияларында: «ЭК» РЭК» АҚ, «Астана РЭК» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ-да пилоттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  Бірегей сипаттамалары бар электр энергиясын есепке алудың инновациялық құралдарын енгізу арқылы біз басты мақсатымызға қол жеткіземіз: Қазақстанның энергетикалық секторының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.

background